Құқық үстемдігі – басты талап

Құқық үстемдігі – біздің реформалардың табысты болуының негізгі факторы. Бұл ретте Елбасының алға қойған тапсырмаларын іске асыруда Жоғарғы Сот төрағасы «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын іске асыруда. Республикада заманауи және озық электронды сервистер енгізілуде. «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Татуластырушы судья», «Судья көмекшісі», «Фронт-офис» секілді пилоттық жобалар жүзеге асуда.

бектурганов

Заманауи электронды сервистердің көмегімен сот отырысына тікелей байланыс  орнатылды. Биыл тоғыз  айда «Виртуалды сот» жобасында 585 іспен материалдар сотқа тараптар келмей-ақ, бейне конференс-байланыс және мобильдік жүйе арқылы қаралды. Сот кабинеті арқылы 100 пайыз талап-арыздар қабылдануда. Бұл – ешқандай шығынсыз үйде немесе жұмыс орнында отырып, кез келген құжатты тапсыруға зор мүмкіндіктердің ашылғанының көрінісі. «Түнгі сот» бойынша бір ай ішінде 72 әкімшілік іс қаралса, «Татуластырушы судья» жобасына 31 339 талап-арыз, қылмыстық және әкімшілік іс түсті. Олардың ішінде 2242 іс татуластыру рәсімдерімен аяқталды.

Бүгінде облыс әкімі мен облыстық сот бірігіп, осы санаттағы істер бойынша психолог мамандарды іске қатыстыру мәселесі жөнінде бір жылдық жоба әзірлеп, меморандум дайындалуда. Облыс әкімінің қолдауымен Билер кеңесінің ережесі әзірленуде. Татуластыру рәсімдерін насихаттайтын беделді қайраткерлер мен жетекші жастардан мобильді топ құрылды.

Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ,

облыстық соттың төрағасы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*