Әйелдер колониясында – «Күз аруы-2016» байқауы

УГ-157/11 (Атырау қаласындағы әйелдер колониясы) мекемесінде әйелдер арасында «Күз аруы – 2016» сұлулық байқауы өтті.

20161116174219

«Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани тұрғыда тәрбиелеу болды. Бос уақытты ұтымды пайдалану арқылы адамгершілік және эстетикалық тәрбиені дәріптеу де назардан тыс қалмады. Сондықтан бұл жарысқа ниет білдірген нәзік жандылардың қатысып, киімдерін өздері дайындады», – дейді УГ-157/11 мекемесінің қызметкері Әсел Медекешова.

Оның айтуынша, тек ер кісілерден құралған қазылар алқасының құрамындағы «Қылмыстық атқару жүйесі»  мен «Үкіметтік емес ұйымдар» өкілдері жеңімпаздарды түрлі номинациялар бойынша анықтады.

Жарыс жүлдегерлері мен қатысушылары сыйлықтар мен грамоталарға ие болды.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*