«Whatsapp» желісінде мұғалімдерге арналған топ ашылды

Білім Ел жаңалықтары Жаңалықтар Заң Қоғам

Енді «Whatsapp» желісінде мұғалімдерге арналған топ ашылып, оған «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасының сілтемесі жіберіледі. Әрқайсысы арнайы нөмірге өз ұсынысын жазып қалдыра алады. Бұл туралы   еліміздің білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева аталмыш заң талқыланған жиында айтты.

https://www.likeni.ru/upload/iblock/f8f/whatsapp-1462806106.jpg

«Заң жобасын әзірлеуге ғалымдар, мұғалімдер мен барлық облыстан мектеп директорлары мен депутаттардан құралған 78 адамнан арнайы комиссия құрылды. Бір айдан бері заңды талқылай келе, сіздерге таныстыруды жөн көрдік» деді ол.

Енді 300 мыңнан аса мұғалімнің бәрі осы заңмен танысуы тиіс. Бүгінде жас мамандарды жермен, пәтермен қамту; қосымша жұмыстармен орынсыз мазаламау; мұғалім мен ата-ана міндетін, құқығын арттыру; заң жобасында жоғары оу орнының оқытушысы мен мектеп мұғаліміy бөліп қарастыру;  жас маманның жалақысын арттыру; біліктілікті тексеруге арналған тесттерді алып тастау мәселелері өзекті болып отыр.

Ал, «Мұғалімнің біліктілігін тексеруге арналған тест оның мысын басады және сынақтан өте алмағандар мектепте жұмыс істемеуі керек пе?» деген сауалға министрлік өкілдері  «Олар біліктілік тестін тапсырып, жақсы нәтиже көрсетпейінше қайта-қайта тапсыра береді» деп жауап берді.

Аман ШАМАР

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *