WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады

Жаңалықтар Қоғам Әлем жаңалықтары

Аtr.kz/12 мамыр, 2019 жыл. Осы жылдың соңында кейбір телефондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады.

2020 жылдың қаңтарында операциялық жүйесі Android 2.3.7 және одан да ескі смартфондарда, сондай-ақ iOS 7 гаджеттерінде WhatsApp істен шығады. Бұған қоса, мессенджер Windows Phone базасындағы барлық құрылғыда да жұмыс істемейтін болады. Бірақ бұл шектеу сәл ертерек – осы жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді.

WhatsApp сайтындағы сұрақ-жауап бөлімі мен қосымшаның баптауында осыған қатысты ескерту жарияланған.

Дегенмен WhatsApp-тың кейбір функциялары көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін істен шығуы мүмкін, деп жазады life.ru.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *