«ВИТИЛИГО» ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Бұл дерт – жұқпалы емес, баяу өрбиді және жазылмайды. Көбіне тұқым қуалайтын  дерт. Соңғы  деректер бойынша алапес дертіне шалдыққан адаммен бірге өмір сүретіндерді әр алты айда тексеруден өткізіп тұру керек көрінеді. Қазіргі күні АҚШ-тың Нью Иорк  қаласында дүниежүзілік витилигоны зерттеу қоры жұмыс істейді. Ондағы мамандар аталған дертпен өмір сүретіндердің психо-эмоционалдық жағдайын жақсарту және ауруды өрбітпеумен айналысады.

Осы аталмыш ауруға байланысты облыстық тері-венерология диспансерінде қала, аудандар мен  жекеменшік емханалардың дерматолог-дәрігерлері  үшін арнайы конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға арнайы қатысқан Республикалық тері-венерология  ғылыми зерттеу институтының  дерматолог-дәрігері, медицина ғылымының кандидаты Сәния Оспанова алапеспен ауыратын адамдардың өмір сапасын жақсартып, дертті ауыздықтау жайында  дәріс оқыды.

 Ғалым дәрігердің айтуынша, алапестен құлан-таза айығу  мүмкін емес. Бірақ, терідегі ақтаңдақтардың бүкіл денеге жайылып кетпеуін қадағалап, тежеуге әбден болады екен. «Бұл аурудың қайдан, неден  пайда болатыны жөнінде әзірге нақты дәлел жоқ. Десек те, ауру  бауыр,  өт жолдарынан болуы мүмкін. Немесе, терідегі ақ түстер  жасушаның  өзгерісінен пайда болады. Алапес экологиядан да болуы мүмкін» дейді  ғалым дәрігер.

Жергілікті дерматолог-дәрігерлер білікті маманның дәрісін тыңдап, аталмыш ауруды емдеуге арналған түрлі дәрілік препараттар туралы мағлұматтар алды. Емдеу ісі бойынша шеберлік сабақтары өтті. «Ашық есік» күні науқастар алапес ауруынан сақтану жайында білікті маманға қаралып, кеңестер алды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*