Атыраулық құсбегілер флешмоб ұйымдастырды (+ВИДЕО)

ovsianka 1 БЕЙНЕЖАЗБА
https://www.youtube.com/watch?v=z9v7azWaP9M

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл. Атырауда 1 сәуір – Халықаралық құстар күні атап өтілді.

Айтулы күнді тойлау құрметіне орай құсбегілер көгершінді аспанға ұшыруға арналған үлкен флешмоб ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар жоспарлағандай, бұл бастаманы Қазақстанның басқа өңірлерінде де жалғастырулары керек.

– 1-ші сәуір жалпы құсшылар мерекесі болғандықтан, құсшылардың басын қосып отырмыз. Құсабегілердің көп бөлігі шараға қатыса алмады. Мерекеге орай біз жаппай флешмобты өзге аймақтарға жолдағымыз келді. Құстарды мен бала кезімнен бастап бағамын. Қазіргі таңда менде 50 ден аса көгершін бар,- дейді ұйымдастырушы Бекболат Әміржанов.

Айта кетейік, Атырауда шамамен 400-ге жуық құсбегі көгершін асырайды.

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз