Алғаш рет Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі өтеді (+ВИДЕО)

DSC08821 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/WAjnmkXL56U

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Атырауда тұңғыш рет облысымыздың Жекпе-жек спорт федерацияларының қатысуымен Жауынгерлік өнер фестивалі өтеді.

Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан жауынгерлік өнер қауымдастығы сіздерге тосын сыйға толы мерекелік кеш сыйламақ.

Өтетін уақыты 25 мамыр, басталуы сағат 20:00-де. Өтетін орны Бейбарыс алаңы.

Кеш қонақтары: Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Ерке Есмахан, Райм мен Артур, Маэстро тобы және Атыраулық чемпиондар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз