Үндістанда XVIII ғасырда жасалған әскери зымырандардың қоймасы табылды

Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

  Atr.kz/22-ақпан, 2019 жыл. Шимога өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде XVIII ғасырда жасалған әскери зымырандардың қоймасы табылды.

Ғалымдардың айтуынша, саны мыңнан асып жығылатын снарядтарды осы өңірде тұрған мемлекет басшылары Майсур, Хайдар Али және оның баласы Типу Сұлтан өндіріп, қарсыластарына қарсы жаппай соққы беру үшін қолданған. Зымыранның екі жүз шақырым қашықтықты бағындыратын қауқары бар. Ал, Типу Сұлтан тіпті бір уақытта 10 оқты ататын зеңбірек ойлап тапқан екен.

Әскери зымыранның бұл түрі 1780-1790 жылдары ағылшын-майсур соғысы кезінде британдық әскерлерге қарсы қолданылған. Үнділер жеңіліс тауып, жеңіске жеткен ағылшындар осы үлгіде өз зымырандарын ойлап тапқан болатын.

Бақытжан ЖҰМАТ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *