Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Атырауда авто-мото шеру болып өтті

Жаңалықтар Қоғам

Аtr.kz/9 мамыр, 2019 жыл. Жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да атыраулық авто-мото клуб мүшелері шеруге шықты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Атырау қаласының, Ұлы Жеңіс жалауларын орнатып, арнайы безендірген автомобиль, мотоциклдер маршруты әуежайдан бастауын алды.
Құрамында 30-ға тарта мотоцикл, 50-ге жуық жеңіл автокөлігі бар коллонна Бейбарыс, Сәтпаев, Азаттық даңғылдары мен Балықшы көпірі, сонан соң Владимирский көшесі арқылы Жеңіс саябағына келді. Қан майданда от кешкен бабалар руxына тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сонау отты жылдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараны ұйымдастырушы “Wells_brothers” мотоклубының президенті Олег Шмальдың айтуынша, авто-мото шеруге аймақтағы барлық автоклубтар қатысып отыр. Олардың қатарында “Drive Atyrau” клубы да бар.
-Бізге осындай бейбіт күнді сыйлаған аталарымызға алғысымыз шексіз. Өзіміздің ризашылығымызды мотошеру арқылы білдіргіміз келді, – дейді Олег Шмаль.

Фото – Ирина Акутина


Айбөпе САБЫРОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *