ТВЕРЬ ЖЕРІНДЕГІ ТАҒЗЫМ

Сол жолы жергілікті жердің басшылығымен тілдескенінде олар 1942 жылы желтоқсанда ерлікпен қаза тапқан қызыл әскер Түркеев Ағашаның есімін Куркино деревнясындағы әскери қорымда жерленгендердің тізіміне енгізуге уәде берген еді. Биылғы жылғы ақпанның алтысында (№80) Молодотуд селолық елді мекені әкімшілігінің басшысы Ю.А.Румянцев арнайы хат жазып Түркеев Ағашаның Куркино деревнясында жерленгендердің тізіміне енгізілгенін, алда оның аты-жөні мемориалдық тақтаға жазылатынын хабарлаған еді.

«Айт та, сертіңе жет» дегендей, тверліктер уәдесінде тұрып, жақында Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында тұратын Бөкенбай Ағашинге: «Здравствуйте, уважаемый Бокенбай Агашаули! Высылаю Вам воинского захоронения м. Куркино и ксерокопию плиты с именем Вашего отца. Воинское захоронение к 70-летию Победы преобразилось: установили новые плиты с именем погибших, выложили плитку: оно стало выглядеть более торжественно.

С уважением Гусева Валентина Алексеевна».

деген мәтінде хат келді. Валентина Гусева – сол жердің әкімшілігінің өкілі.

Бөкенбай Ағашаұлы бұдан бұрын іздеп барған сапарында әкесінің мүрдесі жатқан қорымнан бір уыс топырақ әкеліп, Қызылқоға ауданының Ойыл ауылдық округіне қарасты Көкмешіт қауымындағы анасы Жұмсақ жерленген бейіттің іргесіне жер қазып көміп, басына белгі қойған еді. Сөйтіп, ол әке рухы алдындағы перзенттік парызын өтегеніне марқайған. Енді міне, Тверь жерінен келген қуанышты бұл хабар оның төбесін тағы көкке жеткізгендей болды. «Ерлік ескерілмей қалмайды» деген осы болса керек.

Төлеген ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

Суреттерде: Куркино деревнясында жерленген майдангерлердің тізімі жазылған мемориалдық тақталар және сол тақтадан көшірме.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*