Туысының үйін өртемек болған атыраулық тұрғын жазаланды

Атырауда туысының үйін өртемек болған ер адамға қатысты сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

pogudx4o6devv3j66.c5c37d2a

Оқиға 2018 жылдың наурызында “Қара-Өзек” мөлтек ауданында болған. Жергілікті тұрғын туысқанының тыныштығын бұзып, аула сыртындағы құрылыс материалдарына жанармай шашып, қасақана өртеп жіберген.

Бұл әрекеті үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 12025 теңге айыппұл салынды.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*