Тойды да несиеге жасаймыз

Иә, қазіргі таңда елімізде ешкімге тәуелді болмай, «өз ісімді ашамын» деушілерге жағдай жасалған. Кәсіп тетігін таба білгендерге, көл-көсір пайда табуға мүмкіндік жетеді. Тек, үнемі талмай іздену, еңбектену қажет. Әлемдегі миллиардерлер де бірден байып кеткен жоқ. Біртіндеп талаптанды, ізденді, қиындыққа мойымай еңбек етті. Кейде опық жеді. Енді бірде, жұлдызы жанды. Демек, «жұмыссызбын» деп жатудың жөні жоқ. Осы орайда, «жаңадан кәсіп ашамын», «бизнесте білмейтінім көп» деушілерге «Атыраудың» «Бизнесмен» қосымшасы жөн сілтейтініне сенімім мол.

9474945

Бұл жолы менің қалам тербеуіме газеттің №61 санында жарық көрген «Несие күліп келіп, жылап қайтады» деген сараптамалық мақала себеп болды. Олай дейтінім, бүгінде екінің бірінің несиесі немесе қарызы бар. Ал, қарыздың күліп келгенмен, жылап қайтатыны жасырын емес. Алайда, қаншама рет оның машақатын сезініп жүрсек те, несие алудан алдымызға жан салмаймыз. Киім-кешек, автокөлік, теледидар, тұрмыстық техника, тіпті, ұялы телефонды да несиеге аламыз.

Осы күні тойды да қарызға жасайтын болдық. Өйтпесек, елден ұят деген қазақтың қанына сіңген «әдет» қалмайды. Кейін несие  қалай қайтарылады? Оны кім төлейді? Тіпті, бірнеше жыл бойы үздіксіз өтеп отыруға саулығыңыз жете ме?  Мұны ойлап жатқан ешкім жоқ сыңайлы. Кезінде жымия қараған несие зымияндай зықыңды шығарып, жүйкеңді жұқартады.

 Әйгерім КУСАНОВА,

жас ана,

Жылыой ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*