ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ, АКАДЕМИК, «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: «ТІЛ МӘСЕЛЕСІ АЛАЙ-ДҮЛЕЙ»

Не көріп жүрсіз?

 

Басты жетістік ретінде қазақ тілді мақалалардың тереңдігі жоғарылай түскенін атап өткім келеді. Журналистика тілі көркемделіп келе жатыр.

Журналистикадағы объективтілік – көптің көкейінде жүрген мәселелердің бірі. Барлығын бірдей жоққа шығаруға болмас, дегенмен объективтілік тиісті деңгейде болса, халық күн сайын бір мәселені жапатармағай талқыға салуы тиіс еді. Бұл мәселеде бізге күш-жігер жетіспей жатқан сияқты.

Отбасы төңірегіндегі, өзге де жеңіл-желпі мәселелер адамды  жалықтырып жіберетіні өз алдына, отандық телеарналарда салмақты, ойландыратын, толғандыратын дүниелер аз. Бізге қоғамды оятатын мәселелер көбірек керек. Ой айтатын адамдарымыз азайып бара жатыр.   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *