Тоғызқұмалақ ойынынан өткен турнирге қатысушылар бір миллион жарым теңгені ұтысқа салды

Атырауда тоғызқұмалақ ойынынан өткен халықаралық турнирге қатысушылар бір миллион жарым теңгені ұтысқа салды.

4446bbf0-6df2-4dcf-a87e-7293cddb266c

Ерлер мен әйелдер арасында өткен тоғызқұмалақтан халықаралық турнир «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында өтті. Жарысқа Түркия, Қытай, Ауғаныстан, Түрікменстан, Ресей мен Қазақстанның бес облысынан келген ойыншылар қатысты деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында бірінші орынды қызылордалық Бексұлтан Бостандықов, 2-орынды астаналық ойыншы Ғалымжан Темірбаев, 3-орынды ақтөбелік Нұрбек Қабиев иеленді.

309d1e29-97d5-4ed5-8754-48dd5b74bba5

Әйелдер арасында 1-орынды Алмагүл Такишева, 2-орынды Ақтөбеден келген Диана Кенина иеленсе, 3-орын ОҚО-ның ойыншысы Лина Каримоваға бұйырды. Бірінші орын иелеріне 1000 доллар көлемінде, 2-орынға – 700 доллар және 3-орынға 500 доллар көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді.

– Мен Қазақстанға, атап айтқанда осы турнир өткен Атырау қаласына ризашылығымды білдіремін. Өзім жеңіске жете алмасам да, бұл жарыс маған жақсы тәжірибе болды, – деді Ауғаныстаннан келген ойыншы Демирал Саид Мурсалин.

Хорлан СМАДИЯР

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*