Өткеннен – өнеге, болашаққа – сабақ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаң-ғыру» атты мақаласындағы Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» атты бесінші тарауында: «Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау­ма­ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын­дағы оқиғаға 100 жыл толады. Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті» деген болатын.

«алаш туы астында...»2

Өткен ХХ ғасырдың  қай халық үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болғандығын, қазақ халқы үшін ұлттық дамудың көнеден жал-ғасып келе жатқан ұлтқа тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның жат үлгісі еріксіз таңылғандығы, ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалып,  ана тілі мен мәдениеті құр­дымға кете жаздаса да,  ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар  игіліктерін де, оның ішінде     индустрияландыруды, әлеуметтік және өнді­рістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин­теллигенцияның қалыптасуы болғандығын  Елбасы атап  көрсетті.

Биыл Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Тарихтан белгілі, 1918 жылы 8 қыркүйекте Уфа мемлекеттік мәжілісіне  қатысқан 147 адамның қатарында қазақ даласының қайраткерлері де болды. Аталған кеңесте Алаш жетекшілері бас қосып, өз бетінше ұйымдастыру кеңесін өткізді. Мәжілісте Алаш автономиясының жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талқылап, бұрынғы «Ойыл уәлая-ты» уақытша үкіметін тарату, оның орнына Алашорданың батыс бөлімін құру туралы шешім шығарылады. Ол ресми түрде «Алаш автономиясының батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше» деп аталды. Оның төрағалығына Ж.Досмұхамедов сайланды. Алашорданың батыс бөлімінің әкімшілік құзіретіне бұрынғы «Ойыл уәлаятының» жеріне қоса Бөкей ордасының, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің (Торғай облысы) және Маңғыстау уезінің (Закаспий облысы) аумағы кірді.

Атырау өңірінде мамыр айында ашылуы болған ҚР Президенті Архивінің қор құжаттары негізіндегі тарихи құжаттық көрме  өткенді тарих таразысына салуды мақсат етті.

Көрменің мақсаты – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде ел тарихынан елеулі маңызға ие  саяси оқиға ретіндегі Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының құрылуына қатысты құжаттармен, Алаш қозғалысына қатысқан Қазақстанның Батыс өңірінің азаматтарының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінен хабардар ететін деректермен бұқара көпшілікті та-ныстыру, «Мәңгілік  ел» жалпыұлттық патриоттық идеялардың құндылықтарын тарихи аспектіде қарастыру.

Осы тарихи маңызы бар көрме жыл аяғына дейін аудандарда, облыстың іргелі оқу орындарында көпшілікке таныс-тырылатын болады.

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне Индер аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау облысы мемлекеттік архиві мен аудандық кітапхананың бірлескен шарасы барысында аудан тұрғындарына  «Тәуелсіздік тағылымы: Батыс Алаш Орда тарихынан» көрмесі апарылып, таныстырылды. Бүгінгі таңда көрме Атырау мұнай және газ университерінде  өз көрермендерін қабылдауда.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» деген тұжырымды сөзіне,  осындай тарихи іс-шаралардың қоғам үшін, болашақ үшін де, бүгінгі ұрпақ шындықты біліп, өткен тарихымыздан сабақ алуы үшін маңыздылығы зор демекпін.

Райса  ТАСТЕМІРОВА,

облыстық мемлекеттік

архивтің бөлім басшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*