Өткен жылы Атырауға 191 оралман отбасы қоныстанды

Бұдан былай оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарын азайту немесе ұлғайтуға ұсыныс беру мәселесімен Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тікелей айналысады. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Балдай Өтеғалиева мәлім етті.

Оралмандар туралы Ц 23.08.2017

Спикердің айтуынша, оралмандар үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеу немесе алып тастау да жергілікті басқарманың құзырында болады. Айта кетелік, өткен жылы облысқа келген оралмандардың саны 322 адамды, яғни 191 отбасыны құраған. Қандастарымыздың дені Өзбекстан, Ресей елдерінен келіпті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*