«Til – qazyna» – латын графикасында!

FsV5_pBcC4E

Өткен жұмада Астанада «Til – qazyna» атты жаңа басылым оқырманға жол тартты. Басты ерекшелік – «Til – qazyna» латын графикасымен шыққан ең алғашқы газет. Басылымның бас редакторы әріптесіміз, Ақпарат саласының үздігі Қуат Әуесбайдың болуы – біз үшін үлкен мақтаныш. Әріптесімізді қазақ руханиятын дамыту жолындағы соны жаңалығымен құттықтаймыз. Төменде мұнайлы өңірдің бас басылымы – «Атырау» газетінің 95 жылдығына арнайы қатысқан әріптесіміздің лебізін жариялап отырмыз.

«Ғасырға жуық тарихы бар газеттің мерейтойына орай өткен медиа-конференцияда қазіргі қазақ журналистикасы, жаңа трендтер мен заманауи технологиялар жайлы сөз болды. «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі дәстүрлі және жаңа медиа құралдарын өзара тиімді үндестіре, үйлестіре пайдаланып отыр. Яғни, жұрт газетті оқып қана қоймай, естіп те көріп те ақпарат ала алатындай мүмкіндік жасалып жатқанын көріп, қуандық. Серіктестік жанынан құрылған жаңа ақпарат порталының, интернет арнаның таныстырылымы өтті. Одан бөлек, аймақ журналистикасы тарихына арналған медиа-музей ашылды. 400 экспонат жиналыпты осы кезге дейін онда. Былтыр ашылған медиамектеп жұмыс істеп тұр. Жалпы, еліміздегі тұңғыш медиахолдингтің жаңалығы көп-ақ».

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*