Терроризмді насихаттаған Ақтөбенің 4 тұрғыны ұсталды

Жаңалықтар Заң Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарын қатыстырумен терроризмді насихаттау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Ақтөбе қаласының 4 тұрғынын қолға түсірді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_6436

Олардың айтуынша, бұл мәліметті ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлаған.

Тінту барысында қолдан қысқартылған аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және газ тапаншалары, қолдан жасалған пышақтар, деструктивті діни мазмұндағы әдебиет және электронды ақпарат тасымалдауыштар алынды.

Көрсетілген адамдар тұрақты түрде жиындар ұйымдастырған деп күдіктеледі және олар адамдарды Қазақстанда тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымын қолдауға үгіттеген.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Айқара Ғұмар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *