Тегін медициналық көмектің жаңа үлгісі әзірленуде

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев тегін медициналық көмектің жаңа үлгісін әзірлеуді тапсырды.

20180220162922

«Ағымдағы жылы сәуір айының аяғына дейін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қатысты жаңа жобаны Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырамын. Тегін медициналық көмектің тарифтерін қайта қарап, нақты шығындарға сәйкестендіру керек. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пакетін көрсетуі қажет. Бұл – үлкен міндет. Себебі тегін медициналық көмекті қайта қарау арқылы біз мемлекеттің нақты міндетін анықтай аламыз. Пациенттер де, дәрігерлер де тегін дәрі-дәрмектің тізімін көре алады. Ал тарифтерді көтерудің нәтижесінде жалақы да көтеріледі», – деді Е.Досаев Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, әрбір медициналық мекемеде тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қызметтердің нақты тізімі болуы қажет. Бұдан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін келесі жылдан бастап енгізуге қатысты барлық дайындық шараларын уақытында жасауды тапсырды.

Айта кетейік, аталған министрліктің алқа мәжілісі кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев xалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы тәртіп бұзушылықтарды да атады.

Хорлан Смадияр

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*