Тегін білім алып, жұмыс тапты

Мақат ауданында жастар ресурстық орталығының қолдауымен және «Амина» жеке қожалығының ұйымдастыруымен «Бизнестің бастау жолдары», «Шебер сынып» курстары ұйымдастырылған болатын.
Курс оқып шыққан жастар нәтижесінде шаштараз, тігінші, әрлеуші, маникюр кәсібіне машықтанды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қысқа мерзімде кадр дайындау мақсатында ашылған шеберлік сағаттарында аудан бойынша өз ісінің білгірі атанып, халықтың жоғары бағасын алып жүрген мамандар дәріс берді.
Абай АҚМҰРЗИЕВ, Мақат ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*