Теңізден жанар-жағармай ұрлағандар ұсталды

Атырау облысында осы уақытқа дейін тұрақты түрде жанар-жағармай ұрлап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы редакциямызға облыстық прокуратура қызметкерлері хабарлады.

s-mestorozhdeniya-tengiz-vorovali-dizelnoe-toplivo

– ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті, облыстық Ішкі істер және Мемлекеттік кірістер департаменті және прокуратураның жедел-тергеу тобының із кесуімен, бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Теңіз кешенінің мұнай шығатын нысандарынан заңсыз түрде жанар-жағармай ұрлап, оны түрлі команияларға жеткізіп отырған қылмыстық том мүшелері ұсталды. Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 197-ші, яғни, «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу» бабы бойынша қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталмыш қылмыстық топтың құрамында барлығы 11 адам болған. Қазіргі күні олардың екеуі қамуда отыр. Олардан жалпы көлемі 200 тоннаны құрайтын жанар-жағармай және осы қылмысты жасағандарын растайтын құжаттық және заттық дәлелдемелер алынған.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*