Тазалық сақтамаған атыраулық кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Атырауда іргелес аумақтарды абаттандыру ережесін сақтамағаны үшін ШОБ субъектілеріне 100-ге жуық ұйғарым берілді. Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің іргелес аумақтарды абаттандыруын тексеру үшін рейдтік іс-шаралар бастау алды, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-12 at 15.25.52

Профилактикалық рейд бүгін басталды. ШОБ субъектілері тазалық пен тәртіп сақтау, сондай-ақ жасыл көшеттерді күтіп-баптау және қорғау бойынша тексерілді. Олардың арасында дүкендер, супермаркеттер, сауда үйлері мен қоғамдық тамақтандыру орындары бар.

Тексеруші топтың құрамына Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының мамандары кірді. Рейдтің алғашқы күні 5 бизнес объектісі тексерілді. Олардың көпшілігінен кемшіліктер анықталды.

«Шаһар басшысы қаланы аралаған кезде кәсіпкерлердің іргелес аумақтарды абаттандырмай, күтіп ұстамай, біраз кемшіліктер жібергені анықталған еді. Заңды тұлғаларға сол кемшіліктерді жою жөнінде жүзге жуық ұйғарым бердік. Мәселен, кей кәсіпкерлердің аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жатты, енді біреулері іргелес жер телімін рұқсатсыз иеленіп алған. Объектісінің сыртқы келбеті талапқа сай емес. Сол үшін оларға айыппұл салынды. Кейбір заңды тұлғаларға ескерту жасалды», – дейді қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.

WhatsApp Image 2018-07-12 at 15.25.51

Айта кетейік, осыған дейін Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы облыс орталығының бірнеше ықшамауданын аралап, қарамағындағыларға қозғалысы көп жол қиылыстарындағы көлік қатынасын жеңілдету, сондай-ақ қала орталығын қоқыс пен құрылыс қалдықтарынан тазарту, тұрғын үйлердің қасбеттеріндегі ақауларды жою және жол жиегіндегі иесіз жер учаскелерін көркейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген еді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*