ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАПТЫРМАС ҮЛГІСІ

 

«Ұлттық Біртұтастық Доктринасы – халықты уақыт әкелген қатерлерге дайын болуы қажеттілігінің негізі. Оның маңыздылығы өмірдің өзінен туындады, ол тарих қисынынан, біздің жалпы тағдырымыздан шығады. Сондықтан, бірліксіз ұлт жоқ. Ұлтсыз  ел жоқ. Елсіз келешек жоқ». Осылайша айтылған Қазақстан халқы Ассамблеясы доктринасында ұлттық бірлік бағыты мынадай  үш негізгі қағидаға бөлінеді:

Бірінші қағида – «Бір ел – бір тағдыр» – әрбір азамат тағдырының бірлігі мен оның Отаны – Қазақстан Республикасы. Біздің ұлттық бірлігіміз оның этникалық шығуына қарамастан, жоғары деңгейде өзінің таңдауына, Қазақстан және оның болашағымен түсіндіреді. 

Екінші қағидасы – «Әртүрлі ұлттар – бірдей мүмкіндіктер». Оның этникалық немесе басқа да шығу тегі, сенімі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтарға мүмкіндіктердің қарастырылуы. Елдің басты заңы бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтарына құқығы, нәсілінен тәуелсіз еркіндік, ұлты, жынысы, тіліне қарамастан теңдік берілген. Мемлекет барлық ұлттық мәдениеттердің тең құқықты және тұтас дамуын қамтамасыз етеді.

Үшінші қағида – «Ұлттық рухты дамыту» дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығына (тіл мен мәдениет, дәстүр, отбасы, ұрпақтар жалғастығы, отансүйгіштік және төзімділік), қоғамның рухани негізі саналатын, біздің бірлігіміз бен қазіргі замандағы ерекшелігімізді мақтауға негіз болады. 

Осы қағидалар аясында Атырау облысындағы этносаралық ахуал тұрақты, тату-тыныш болып  сипатталады. Мұны Ассамблеяның және этномәдени бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдар мен партиялардың тағы да басқа қоғамдық ұйымдарының кезеңділікпен жүргізген жұмыстарынан көруге болады.

Бүгінде қазақстандық этникаралық бейбітшілік пен келісім үлгісі бірегей халық Ассамблеясы институты жұмысының нәтижесі ретінде әлемнің беделді диалогтік алаңдарында елдің «визиттік карточкасына» айналды.

Үстіміздегі жылдан бастап Атырау инженерлік гуманитарлық институтында Ассамблеяның  кафедрасы ашылып, белсенді қызмет атқарып келеді. Бүгінде кафедрада 10 оқытушы қызмет етеді. Оның құрамында ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистранттар бар. Аталмыш кафедрада қазіргі кезде жастар Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының тәжірибесін үйренеді және оны зерделейді.

Ассамблея жылында бастау алған кафедра жұмысы алға қарай да татулық пен келісімді нығайтып, этносаясатты насихаттауда студент жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқармақ.

           Жамиляш ХАСАНОВА,

 педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының

 ғылыми сарапшылар тобының  жетекшісі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*