Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі жерлер географиясына бағытталған халықаралық экспедиция жолға шықты. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен қолға алынған саяхат сырлы Сарайшықтан бастау алды.

Экспедиция1

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция мүшелері ендігі уақытта Түркістан қаласына ат басын бұрып, Арыстанбаб,  Қожа Ахмет Яссауи, Әйтеке би кесенелеріне барып, оннан аса тарихи орынмен танысады. Олардың басты мақсаты – киелі жерлерде болып, жат елде дамыл тапқан батыстың азулы биіне тағзым ету, оларға қатысты тың мәліметтер жинақтау.

Айта кету керек, ұлттық құндылығымызды ұлықтар бұл экспедиция құрамында ғалымдар, белсенді жастар, блогерлер мен аталған партия филиалының бір топ қызметкерлері бар.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*