Тарихи құжаттың тағылымы

Тіл — қай ұлттың да баға жетпес мұрасы, ардақ тұтар рухани қазынасы. Елбасымыз тарихи құжатқа қол қойды. Латын әліпбиіне көшу туралы шешімге қол қою — еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері жасалған игілікті жұмыстардың ішіндегі ең бір маңыздысы. Өйткені, онда халық  тілінің тағдыры тұр. Тіл тағдыры — ел тағдыры.

1513941153_1

Қоғамымыз нақты екі нұсқаны қызу талқылауға салды. Алғашқысы — диграфтар арқылы таңбалау. Ол тиімсіз, сөзді ұзартады деген пікірлер айтылды. Диграфтар үйрену үшін де қиын, ауырлау. Ал, екіншісі — апостографтар арқылы белгілеу. Бұл — әліпбидің жетілген нұсқасы. Мен осы екінші нұсқаны қолдаған болатынмын. Өте қуаныштымын.

Әлемнің 80 пайызы латын әліпбиін пайдаланады. Сондықтан, бұл қадам  түркі дүниесін бізбен жақындастырады. Тағы бір қуанарлығы – бүгінге дейін латын әліпбиімен жазылған тарихи дүниелер ұрпағымызға қолжетімді болатындығы. Ұлттық ерекшеліктерімізге бір қадам жақындап, төл әліпбиіміз қалыптасады.

Ендігі жерде оқулықтар  жазылып, мұғалімдер дайындықтан өтуі керек. Латын әліпбиін үйрететін курстар жұмыс жасаса дұрыс болар еді. Тарихи-әдеби көкжиегіміз кеңейіп, рухани құндылықтарымызды сақтауымызға да кең жол ашылды.

                                                                               Әбілхан ТӨЛЕУІШОВ,

                                                халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрағасы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*