ТАЛАП ЖАҢА, МІНДЕТ ЗОР

Мұғалім мәртебесі – оның бойындағы белгілі сапалар жиынтығының көрсеткіші. Ол оқушымен бірге оның қазіргісіне үңіле отырып, балаға өсудің өрістерін, білім меңгеру үрдістерін көруіне көмектеседі, оларды өткенімен және болашақта не болатынымен салыстырады, бұдан былайғы қызметті жоспарлайды. Оқушының жан-жақты қасиеттерінің қалыптасу үрдісінде мұғалім тұлғасының маңыздылығын міндетті түрде ескеру қажет дей отырсақ та, әлі де шешуін таппаған мәселелер өте көп. Мысалы, мұғалімдердің қоғамдағы орны, педагог беделін тұрақтандыру, әлеуметтік-экономикалық қамтылуы, нарықтық кезеңде оқушы сұранысына сәйкестену жайында күрмеулі түйіндер аз емес.
Жаңа формация педагогтарына қойылған талаптарға сай болу біздің ұрпақ алдындағы парызымыз деп түсінеміз. Бір сәт ойланыңыздаршы, сіз айнаға күніне неше рет қарап, бой түзейсіз? Міне, оқушы үшін біз «айна» іспеттеспіз, олар нені көрсе, соны қабылдайды, бойына сіңіреді.
Алдымызда жаңа ой-пікірлер, жаңаша бағыттар… Сондықтан, педагог қауымына жаңаша шығармашылық серпін тілеймін.

Эльмира ТӨРЕБЕКОВА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының маманы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*