«Такси» жүргізушілері чек беруге міндеттеледі

Жаңалықтар Заң Қоғам

Келер жылдың 1 сәуірінен бастап такси жүргізушілері жолаушыларға фискалды чек беруге міндеттеледі.

Taxi.jpg.740x555_q85_box-418,0,2557,1600_crop_detail_upscale

Еліміздің қаржы министрінің «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» №206 бұйрығына түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Осыған дейін Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің 342-тармағында «такси ақаусыз таксометрмен немесе бақылау-кассалық машинамен жабдықталады» деп көрсетілген болатын. Алайда, «немесе» деген сөз жүргізушілердің таксометрді алмастыратын, яғни, тапсырыс алып, тарифтерді есептеп, төлем де қабылдайтын смартфондағы қосымшаны ғана қолдануына мүмкіндік беретін еді. Енді олар кассалық аппаратты қолдануға міндеттеледі.

Еске салайық, биыл қыркүйекте «Яндекс. Такси», «Uber», «InDriver» және тағы басқа компаниялардың жүргізушілері ресми қызмет көрсетушілер қатарына қосылып, медициналық тексерістен өтуге міндеттелген болатын. Десе де заңнамадағы бұл өзгерістер әлі қабылданған жоқ. Сондай-ақ, мұның алдында 2019 жылы қазақстандық жүргізушілердің жаңа құжат алуы тиіс екені де хабарланған еді.

Аман ШАМАР

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *