«ТАЙҚАЗАН» АТЫРАУҒА ДА КЕЛЕДІ

Сол эстафетаның символы болып табылатын Тайқазан, ізгі істерге «толтырылып» бейбітшіліктің үлгісі ретінде аймақтан аймаққа табысталып отыруы тиіс. Бүгінде шығысқазақстандықтардың қолына тиген Тайқазанның Атырауға келер күні де алыс емес.

Бұл үрдіс бір жағынан аймақтардағы байланысты одан әрі нығайта түсуге жол ашып отыр. Сонымен бірге, адамдарды жақсылық жасауға шақырушы тетік болып табылатын эстафета аясында мұқтаж жандарға көмек, қолдау көрсету көзделуде. Жалпы, аталған шара аясында еліміздің түкпір-түкпірінде үш ай бойына Ассамблея жылына арналған түрлі әлеуметтік маңызы бар ауқымды шаралар өтеді деп күтілуде.

Ал, Атырауға Тайқазанды наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы әкелмекші. Осыған орай облысымызда 20 маңызды іс-шара өтетін болады. Оның ішінде Ассамблеяның Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шексіз дарындар» атты мүгедек жандардың шығармашылық әлеуетін нығайтуға арналған қайырымдылық шарасы да бар.

Сондай-ақ, 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында салтанат сарайынан «Исатай-Махамбет» алаңына дейінгі аралықта «Президенттік шақырым» көпшілік-спорттық жүгіру шарасы ұйымдастырылатын болады. Шараны облыс орталығымен қатар, аудандарда да өткізу жоспарлануда. Ең бастысы, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*