Тоқаев ауылдағы мектептер мен медпункттерге толықтай интернет жеткізуді тапсырды

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады. Мемлекет басшысына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart city тұжырымдамасының орындалу барысы, «Смарт Ақкөл» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар Қуанышбек Ескеев Қазақстан Президентіне «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «Kcell» және «Tele2» компанияларының акцияларын сатып алғаны, […]

Continue Reading

Президент жаңа жарлыққа қол қойды

Atr.kz/13 ақпан, 2020 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев  қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды  2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2020 жылдың […]

Continue Reading

Президенттің еріктілер форумында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды

Atr.kz/12 ақпан, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Birgemiz» атты волонтерлар фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты. ҚазАқпарат Мемлекет басшысының осы шарада сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялайды. Құрметті достар! Бүгін бәріміз ерекше әрі тарихи оқиғаға байланысты елордамыздың төрінде жиналып отырмыз. Бұл – ел тарихында бұрын-соңды болмаған маңызды іс-шара. Сондықтан, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Биыл – Волонтер жылында […]

Continue Reading

Президент Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Atr.kz/8 ақпан, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құрметті қазақстандықтар! Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды. Мен қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің […]

Continue Reading

Қазақстанда қаржы және экономикалық реформаларды бақылайтын орталық құрылды

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Қазақстан Президенті Әкімшілігі жанынан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз – хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді, негізгі мақсаты – реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау. 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген […]

Continue Reading

ҚР Президентінің БАӘ-ге сапарының видеошолуы жарияланды (+ВИДЕО)

Atr.kz/28 қаңтар, 2020 жыл.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының бірінші күніне бейне шолу жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды. Еске сала кетсек, 27 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді. Сапар аясында ҚР Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид […]

Continue Reading