Таэквондодан алғашқы Азия чемпионаты өтеді

Атырауда таэквондодан ересектер арасында өтетін Азия құрлығындағы алғашқы ашық чемпионатқа 15 елдің спортшылары қатысуға өтініш білдірген, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-05 at 14.54.25

7-9 қыркүйек күндері Азия құрлығындағы тұңғыш таэквондодан І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Ересектер арасындағы турнирге 15 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысады.

Үш күндік додада Азия құрлығының үздіктері анықталатын болады. Жарыс 7 қыркүйек күні 9:00-де Мұз сарайында басталады. Сонымен қатар, 9-11 қыркүйек күндері «KAZAKHSTAN OPEN – 2018» халықаралық турнирі өтеді.

Айта кету керек, өткен жылы Атырауда тұңғыш рет таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Оған 26 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты. Өткен чемпионаттың жоғары дәрежеде өтуіне орай Атырау облысы кезекті Азия чемпионатын өткізуге лицензия алған болатын.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*