ТАБЫС ТАРАЗЫСЫ

Мемлекет басшысының биліктің барлық тармағын жаңғырту жөніндегі бастамасын толық қолдаймын. Мұның бәрі ел мен халық мүддесі үшін жасалады. Қазір біз күш-жігерімізді жинақтап, ортақ мақсатқа жұмылуымыз керек. Бүгінгі экономикалық ахуал соны талап етеді.

Осы орайда өңірде ауыл шаруашылығы жобаларының жақсы дамып жатқандығы қуантады. Тек соңғы екі-үш жылда ғана бәрі қайта жанданып келеді. Мемлекеттен мол қолдау бар. Жергілікті атқарушы билік те ауыл кәсіпкерлерінің бастамасын мақұлдап отыр. Соның нәтижесінде былтыр ғана тауарлы сүт кешені, ешкі фермасы, құс фабрикасы, т.б. жобалар жүзеге асырылды. Қазір бізде алма бағы жайқалады, егістік көлемі еселеп өсті, жүн өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Бүгінгі табысымызды таразылағанда осылар ойға оралады.

Осындай сын шақта Мемлекет басшысы депутаттар корпусына тың күштер қосылуын қолдады. Енді соларға мүмкіндіктер берілуі тиіс. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде оның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемде қалыптасқан ахуалды ашық айтып, баршаны бірлікке шақырды. Ендігі мақсат – партия атынан депутаттыққа үміткерлер тізіміне енгендердің халық сеніміне ие болуы.

Нұрлы ӘЙТИЕВА,

Атырау облыстық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, бизнес және құқық колледжі директоры, съезд делегаты.  

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*