Тақтайдай тегіс жол

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы нақты жүзеге аса бастады. Оның аясында елімізде бір жылда 75 мың жұмыс орны ашылды. Инфрақұрылымды дамыту жобасы еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылып, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсаруына елеулі әсер етуде. Сапалы автомагистральдарды салу озық әдіс, жаңа технологиялар негізінде орындалмақ. Мұны бүгінде қолға алына бастаған АқтөбеАтырауРесей шекарасы (Астрахан бағыты) аралығындағы жол жөндеу жұмыстарынан анық байқауға болады.

Screenshot_4

Жол құрылысынаайрықша маңыз

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың айтуынша, мұнайлы өңірде жол құрылысына айрықша маңыз берілуде.

– Жергілікті жердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 3051, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 2061,6 шақырымды құрайды. Республикалық маңыздағысы – 990 километр. Өткен жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жол – 1053,3 шақырым (51 пайыз), қанағаттанарлықсыз күйдегісі 1008,3 шақырым (49 пайыз) болған еді. Биыл осы ахуалды жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар жүзеге асып жатыр, – деді басқарма басшысы.

Іске аса бастаған ірі жобаның бірі – Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз автомобиль жолы. Облыстық маңызы бар аралық 123 шақырымды құрайды. Қазір Қарабау-Миялы аралығын (80-203 шақырым аралығы) қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен аталған жолдың қалған Индер-Қарабау аралығының 80 шақырымын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Биыл Қызылқоға ауданындағы Мұқыр, Сағыз ауылдарының, Құрманғазы ауданындағы облыстық маңызы бар Құрманғазы-Приморье-Утера-Котяевка автомобиль жолының 29 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осы жолдың бойындағы Құрманғазы, Сафон, Утера, Теңіз, Котяевка ауылдарының кірме және ауылішілік жолдары қайта жаңғыртылып жатыр. Аудандық маңыздағы Жасталап-Жыланды автомобиль жолын қайта жаңарту, Котяевка-Шортанбай және Шортанбай ауылішілік жолдарын жаяу жүргіншілер жолымен қоса күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құлсарыда жалпы ұзындығы 107 шақырымды құрайтын қалаішілік автомобиль жолының бірінші кезеңінің 45 шақырымын қайта жаңғырту қолға алынды.

Ауқымды жобаның алғашқы нәтижесі

Бүгінде Атырау–Ақтөбе жолы қайта жаңғыртыла бастады. Осының ауқымындағы Мақат–Доссор аралығында қызу жұмыс жүруде. Ол келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. «Қазавтожол» ҰК акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының директоры Дәурен Ерғалиевтің пікірінше, Мақат-Доссор бөлігіндегі уақытша айналма жол құрылысы аяқталды. Оның ұзындығы 17 шақырымды құрайды.

– Негізгі жолдың ескі төсемі толықтай алынды. 12 су өтетін құбырдың және 2 мал өтетін өткелдің құрылысы аяқталды. Аталған бағыт бойынша 15,4 шақырымдық жолдың асфальтты екі қабаты төселуде. Асфальт жабындысының соңғы үшінші қабатын келесі жылы төсеп, 2019 жылдың маусымында мердігер мекеме жалпы жұмыстарды аяқтайды, – деді облыстық филиал директоры.

Ауқымды жобаны Азиялық Даму банкі қаржыландыруда. Мердігер мекеме «АНТ Иншаат Маден Санайн А.Ш.» ЖШС мамандарынан білгеніміздей, қазір 139 арнайы техника жұмысқа тартылған. Оның 42-і мердігердің өз техникасы болса, 97-і келісім-шарт негізінде жалға алыныпты. Қазіргі таңда жоба аясында 330 адам жұмыспен қамтылып отыр, соның 142-і  – жергілікті тұрғын. Еліміздің басқа аумағынан келген мамандарға арналып 150 орындық вахталық қалашық пайдалануға берілген болатын. Мұнда жұмысшылар үш мезгіл тамақтанумен қамтамасыз етілген.

Қара балшықтан арыла бастадық

Бұрын тұрғындар тас жолдың жоқтығын айтып, жиі шағымданатын. Облыста осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында кешенді шаралар қолға алынуда. Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, осы жылдың соңына дейін Атырау қаласында 197 шақырым жолды  жөндеу жоспарланған. Бір ерекшелігі, жұртшылықтың талап-тілегіне байланысты жаяу жүргіншілер жолы да қатар салынып жатыр. Бұл халыққа қолайлы жағдай туғызады, әрі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Биыл облыс орталығындағы жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Атырау қаласы мен іргесіндегі 29 елдімекенінде 1 593,6 шақырым жол болса, соның 1 206,6-ына күрделі жөндеу жасалды. Сондай-ақ, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Ақсай-2, Ақжар-2, Атырау-1, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2, Тасқала-3, Дамба-2 шағынаудандарындағы 226 көше жолдары күрделі жөндеуден өтті.

Атырау қаласында жолға қатысты проблема 75 пайыз деңгейінде шешімін тауып отыр. Әсіресе, әлеуметтік нысандар мен негізгі жолдарға басымдық берілгені байқалады. Жол құрылысына жауапты мамандардың пікірінше, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені, тақтайдай тегіс жол экономиканың еселенуіне, тұрғындардың ахуалын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде «АтырауАқтөбе» жолы қайта жаңғыртыла бастады. Осының ауқымындағы «МақатДоссор» аралығында қызу жұмыс жүруде. Ол келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.

Азамат Базарбаев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*