Тұзақта – қой ұрлағандар

Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне Алға селосындағы шаруа қожалығының басшысы арызданды. Оған  малының ұрлануы себеп болған.

i

68 жасар тұрғынның шағымдануынша, биыл 5 шілдеде ұрылар оның 17 қойын ұрлап кетіпті. Араға бес күн салып, тағы 11 ұсақ жандық қолды болған. Хабар түсісімен полицейлер шұғыл іске кірісті. Соның нәтижесінде, 24, 23 және 21 жастағы күдіктілер анықталды. Айтуларына қарағанда, олар хабарландыру бойынша автокөлік тауып, жалға алған. Таңғы уақытта оған ұрланған малды тиеп, ауылдан қалаға тасыған. Арзан дүниенің өтімі де жақсы болғанға ұқсайды.

– Облыс орталығына келген күдіктілер барлығы 28 қойдың әрқайсысын 10-15 мың теңге аралығындағы бағамен сатып жіберген. Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі 1996 жылы туған, ол мұндай қылмысты екі жыл бұрын жасап, жауапқа тартылған. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлімі негізінде соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*