Тәуелсіздіктің төл туындысы

Ел жүрегі – Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды құттықтады. Еліміздің бас қаласын Алматыдан Сарыарқа төсіне ауыстыру туралы тарихи шешімнің сындарлы кезеңде қабылданғанына тоқталған аймақ басшысы Елорданың бүгінде халықаралық маңызы бар саяси, экономикалық орталыққа айналғанын атап өтті.

????????????????????????????????????

«Астана – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан бастау алған тәуелсіздіктің теңдессіз туындысы. Бүгінде бас қала тұрғындарының саны 1 миллион 200 мыңға жетті. Әлемдік деңгейдегі озық үлгіге құрылған сәулет ғимараттары Астананың көркін арттыруда», – деді Нұрлан Асқарұлы.

Салтанатты жиын барысында еліміздің қоғамдық-саяси, әлеу-меттік, мәдени дамуына үлес қосып жүрген бір топ азамат «Астанаға – 20» жыл мерекелік медалімен, «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Ел Президентінің Жарлығымен «Астанаға – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталғандардың арасында соғыс ардагерлері Айдын Айбаров, Орынғали Қарасаев, еңбек ардагерлері Ділдә Матайқызы, Айсұлу Көшекова, Қатимолла Ризуанов, мемлекет және қоғам қайраткері Есен Тасқынбаев, облыстық «Атырау» газетінің аға тілшісі Лиза Сейтімова, ардагер журналист Светлана Муньянова және басқалары бар. Сондай-ақ, «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов пен «Қазақстан – Атырау» облыстық телеарнасының аға телеоператоры Талғат Қуанышев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Газет фототілшісі Ерлан Алтыбаевқа ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Құрмет грамотасы» тапсырылды. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*