ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР?

Пікірсайыс кезінде нормативтік құқықтық актілерді дайындауға көңіл бөлуді қажет ететін жайттар да сөз болды. Департамент басшысы Өмірзақ Зинуллин қазіргі күні агенттік алдыңғы қатарлы әлем тәжірибесіне сүйенген жаңа редакциядағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы және тұжырымдамасын дайындап жатқандығы туралы хабардар етті.
Жаңа заңда тұтынушылардың құқығы нақты айқындалатын болады. Атап айтқанда, қайтару және айырбастау тәртібі, сатушы және орындаушының жауапкершілігі, пайдалану мерзімі, зардаптар нақтылы көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, жаңа заңда тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың құзыры да нақтыланып белгіленеді.
Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің өкілі Қали Әубекеров, «Тұтынушылардың Ұлттық Лигасы» РҚБ Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры Қадырғали Таңқиев, департамент басшысының орынбасарлары Ерболат Уайысов, Амантай Жұмағалиев, Атырау қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Темірбек Мусағалиев, басқа да мамандар тұтынушылар құқықтарын қорғау тұрғысында өз ойларын ортаға салды.
Басқосудың соңында облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті мен «Тұтынушылардың Ұлттық Лигасы» Атырау облысы өкілдігі өзара меморандумға қол қойды.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*