Төсемелер өзімізде шығарылады

Атыраудағы алып компаниялар металларалық қабатқа салынатын төсемелерді бұрын шетелден тасымалдайтын. Енді оны Атыраудан табуға болады. KISCO-KLINGER төсемелер өндіру цехы ашылды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов қатысты.

????????????????????????????????????

1999 жылы құрылған Қазақстан-Британ бірлескен компаниясы Kazakhstan Integrated Services LLP (KISCO) деп аталады. Құрылым мұнай-газ саласындағы әлемнің өте сапалы өнімдерін жеткізумен айналысады. Енді ең қажетті төсемелерді өздері жасауға тәуекел етіп отыр.

– Үш жыл бұрын Қазақ елінде металл аралығына салатын төсемелерді жасауды ұйғардық. Осы мақсатымыз жүзеге асып, цех жұмысын бастап жатыр, – деді KISCO компаниясының бас директоры Майкл Барбэр.

Цехта төсемелердің «компрофайл» және «сфералды» деп аталатын екі түрі шығарылады. Оларды сұранысқа сай, бірін жылына 21 мың, келесісін 15 мың данамен өндіре алады. Мұнай құбырларын қосқанда пайдаланатын бұл төсемелер сапалылығымен ерекшеленеді. Олай болмаған күнде металларалық қабаттан мұнай ағып кету қаупі туады. Өндіріс басшылары енді «артедий» деген төсемді де шығаруды ойластыруда. Бұл – жоғары қысымға арналған бұйым.

– Елбасы жергілікті атқарушы орындарға экспортқа шығатын сапалы өнімдерді көбейту, қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берген еді. Осы бағытта Атырауда жоспарлы шаралар жүзеге асуда. Соның бірі – төсемелер өндіру цехы. Бұрын мұндай бұйымды шетелден сатып алып келсек, оны енді өзімізде шығарылады, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Азамат БАЗАРБАЕВ,

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*