Төрт айдан астам уақыт жүрексіз өмір сүрген қыз әлемді таң қалдырды (фото)

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын Жанна Симмонсты қазіргі медицинаның ғажайыбы деп атайды. 14 жастағы жасөспірім қыз өзінің жарамсыз жүрегін ауыстыру үшін төрт айдан астам уақыт жүрексіз өмір сүрген деп хабарлайды halyknews.kz.

pogudx4rerfmq01gi.12c33c37

Симмонс дилатациялық кардиомиопатия кеселіне шалдыққан. Яғни, жүрегі әлсіз әрі камерасы үлкейіп кеткен. Соның кесірінен денесіне қанды толық айдай алмайды.

Майамидегі балалар ауруханасының хирургтары 2008 жылдың екінші шілдесінде қызға алдын-ала жүрек ауыстыру операциясын өткізді. Бірақ жаңа жүрек жұмыс істемей қалды да, оны дереу алып тастайды. Жанна болса жүрексіз өмір сүре берді.

pogudx1gmcpc00rtpo.f914c096

«Жанна 118 күн жүрексіз төсекке таңылып жатты. Оның қанын қолдан жасалған екі насос айналдырып отырды», – дейді балалар кардиохирургиясының директоры доктор Риччи.

Төсекте жатқан төрт ай жас қыздың ағзасына оңай тимеген. Осыншама уақытта бүйрегі мен бауыры зақымданып, асқазанынан қан кеткен.

Қазан айында донор табылып, операция сәтті өтті. Жаңа жүрек жас қыздың ағзасына тез бейімделді. Бұл медицина тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға еді.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*