ТҮРКИЯМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСЕДІ


Бақтықожа Салахатдинұлы кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қазіргі достық байланыстар туралы әңгімеледі.
– Дәл қазір Атырау облысында 44 түрік компаниясы жұмыс жасаса, оның 9-ы бірлескен кәсіпорын. Ал, Қазақстанда 3 университет, бірнеше қазақ-түрік лицейлері жұмыс істейді. Олардың түлектері бүгінде дүние жүзінің беделді оқу орнында оқиды, – деп атап көрсетті облыс басшысы.
Стамбул қаласының губернаторы Х.А.Мутву мырза өз кезегінде екі ел арасындағы іскерлік және достық қарым-қатынастардың үзілмеуі үшін жұмыстанатынына сендірді.
Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов стамбулдық әріптесіне Атыраудан арнайы апарған сыйлығын табыс етті.
Атыраулық делегация түстен кейін Измит қаласында болып, Коджаэли провинциясы губернаторының орынбасары Әли Созенмен кездесті. Бұл провинция Түркия еліндегі өнеркәсіп өнімінің 13 пайызын өндіріп отыр. Вице-губернатордың мәліметіне қарағанда, елдің ең ірі өнеркәсіпті аймағында металл өндірісі, химия және тамақ өнеркәсіптері, басқа өндірістер бойынша 394 мың өнім түрі шығады.
Кездесу барысында металл өндірісін дамыту мүмкіндіктері сөз болып, түрік кәсіпкерлері Атырауда жұмыс жасауға қызығушылығын танытты.
Облыс делегациясының Түркия Республикасындағы арнайы сапары одан әрі жалғасуда.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*