«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ»

Жақында Түрік елдері қауымдастығының бас хатшысымен жүздестім. Әңгіме арасында ол кісі Астананың түркі әлеміндегі рөлін жоғары бағалады. Рас, атқарылған іс көп. Бірақ, кезегін күтіп тұрған мәселелер одан да асып түседі. «Біз жетпіс жыл бойы діні басқа, ділі басқа елдің боданында болып келдік» деп жүрміз ғой. Міне, сол кезеңде біз көптеген ұлттық құндылықтарымыздан, салт-санамыздан, ұлттық болмысымыздан ажырап қала жаздадық. Енді біздің алдымызда ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғырту міндеті тұр. Бұл орайда біздің түркі елдерімен байланыстан ұтарымыз көп.
Өткен жылы «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жарияланды ғой. Меніңше, Астана өзінің ерекше мәртебесін ортақ құндылықтарды байытуға, мәдени шараларды тарихи тереңнен қозғап өткізу арқылы түрік әлеміндегі ынтымақты, бірлікті жандандыруға, осылайша тәуелсіздікке қызмет етуге пайдалануы керек.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*