Тұрғын үйлер қашан пайдалануға беріледі?

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаевтың төрағалығымен тұрғын үй-коммуналдық және қала құрылысына қатысты туындаған мәселелерді шешу бағытында жауапты құрылыc өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Онда мерзімі таяған құрылыс жобаларын аяқтау бағытында нақты міндеттер қойылып, тапсырмалар берілді. 

1510567787_article_b_1500_

Сондай нысандардың қатарында Береке ықшамауданындағы жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер де бар. Олардың құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, бірақ, толық бітіруге қолбайлау болып отырған жайттар да жоқ емес. Осы орайда, мердігер мекеме өкілдері құрылысты бақылаушы органдар тарапынан қойылатын талаптардың көптігін алға тартады. Бірақ, жиын төрағасы заң бәріне ортақ және орындалуы тиіс екенін ескертті.

– Берекедегі құрылыс жұмыстары  15 наурызға дейін аяқталады. Инженерлік желілері жүргізілуі тиіс 29 нысанның 17-сі кешігіп отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Талқайраң елді мекенінде жоспарланған алпыс үйдің 28-інің құрылысы басталды. Талапқа сай жұмыс атқармаған мекемелермен келісім-шартты бұзуға тура келеді, – деді Нұрлан Бақтыбайұлы.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, жергілікті жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандары қажетті құжаттарға қол қоймайтыны құрылыс жұмыстарын кешіктіруге сылтау бола алмайды. Жоспарланған нысан мерзімінде тапсырылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, заң жүзінде шара қолданылуы қажет. Бір қуантарлығы, Балықшы кентіндегі магистралдық құбыр желілері сапалы жүргізілген. Осыған дейін ыстық суды жылу батареясынан алып келген тұрғындардың пәтерлеріне тұрба жүргізіліп, орталық жылу нысаны орнатылмақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*