Түнгі қаладағы балалар

ата-ана жауапкершілігінің төмендігін көрсетеді

Республикалық «Жасөспірім» іс-шарасы Атырау облысында да өз деңгейінде өтіп жатыр.

486500_1474449167

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың хабарлауынша, оның мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың алдын алу, болдырмау, iшiмдiк пен темекі сатуды тоқтату, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болмауын қадағалау болып табылады. Шараның алғашқы күні ата-аналар жауапкершілігінің төмендегені,  жасөспірімдердің заңсыз іске жиі баратыны анықталды. 200-ге жуық кәмелетке толмаған бала ішкі  істер органдарына жеткізілді.

– Олардың арасында ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптарын бұзғандар бар. Атап айтқанда, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балалардың тәрбиесі жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты 7 адам, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 3, ел заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін 11 адам жауапкершілікке тартылып отыр, – деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Жасөспірімдер арасында бұзақылық жасайтындар көптеп кездеседі. Полицейлерді кейінгі толқын өкілдерінің түнгі мезгілде сауық-сайран орындарын жиі жағалайтындығы алаңдатып отыр. Сонымен қатар, ішкі істер органы осы шара барысында 23 қолайсыз отбасы мен 12 кәмелетке толмағанды профилактикалық есепке алды. Жасөспірімдерге спирттік ішімдік пен темекі сатқан дүкен сатушылары да жазасыз қалмады.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*