Тұмауды 24 сағатта жоятын дәрі ойлап табылды

Жапондық фармацевтикалық Shionogi&Co компаниясының ғалымдары  тұмауды 24 сағат ішінде адам организмінен мүлде жойып жіберетін дәрілік зат ойлап шығарды.

518a4b5f6fac2b32293860563b650581_XL

Статистикаға сенсек адамдардың жаппай тұмаурататын уақыты, тұмау вирусының өршитін қолайлы мезгілі күздің соңы мен көктемнің басы екен. Бірақ, енді алаңдауыңыз орынсыз.

Жақында ғана ғалымдар тұмаудан әп-сәтте құтылатын препарат ойлап тапты. Тәжірибе барысында Shionogi&Co компаниясы препараты басқа тұмауға қарсы дәрілерге қарағанда тез әсер ететіні дәлелденді. Басқа дәрілерді сіз күніне 3 реттен апта бойы ішсеңіз, жаңа препаратты бір-ақ рет қолдану жеткілікті. «Супер дәрінің» тұмауға қарсы сатылымдағы дәрілерден айырмашылығы – тұмау вирусы адам организміне енгеннен кейін организмді ақуызбен бірге вирусты өндіруге, көбейтуге, таратуға мәжбүрлейді. Қолданыстағы дәрілер вирусты адам клеткасына енгізбеуге тырысады. Ал, вирус организмге еніп, орнығып алса оны денеден жоюға ұзақ уақыт жұмсайды. Жаңа дәрі керісінше вируспен күреспейді екен. Тек, организмде белокпен бірге вирустың көбеюіне жол бермейді.

Жапондық компания сату құқығына рұқсат алса, наурыз-сәуір айларынан бастап жаңа препаратты сатуды жоспарлап отыр. «Аталған жоба тек, тұмау вирусымен ғана емес, әлемдегі зиянды барлық вирус атаулымен күресудің жаңа белесі болмақ»,-дейді мамандар.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*