Тұмауға жеңіл қарамаңыз!

Республика аумағына А(H3N2) және В тұмау вирустары үстемдік етуде. Алдыңғы жылдардағы секілді, ел аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирустық және аденовирустық жұқпалар (тұмауға жатпайтын инфекциялар) да айналымда жүр. Сондықтан, тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі екпе болып табылатынын ескертеміз.

f11760

Атырау қаласы бойынша тұмауға қарсы 33400-ден астам адам егілді. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 16466 адам екпе алды.  Жұмыс берушілер есебінен және ақылы клиникаларда 16934 адамға екпе салынды. Тұмау профилактикасының маңызды әдістерінің бірі, әсіресе, ауырған кезінде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып жиі жуу болып табылады.

Иммунитетті көтеретін профилактиканың қолжетімді әдістерін де пайдалануды естен шығармаған абзал. Атап айтқанда,  пияз, сарымсақ сияқты табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын қайнатпаларын көп ішу, құрамында «С» витамині бар ашытқан қырыққабат, цитрус өнімдері мен ақуыздарға бай тағамдарды қолдануды күнделікті режімнен түсірмегеніміз жөн.   Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан, ең дұрысы, респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге бару керек.

Әсел МҰҚАЕВА,

Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау

басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы. 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*