Құтқарушы болу оңай емес

Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті тіл және ақпарат тобының ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті.

____Т__АРУШЫ БОЛУ О__АЙ ЕМЕС

Онда алдымен Батыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағы қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету  тәжірибесін  паш етті. Бұл шараны осы құрылымға қарасты Атырау судан құтқару стансасының мамандары өткізді. Олар алдымен журналистерге өмірде кездесетін түрлі апатты және төтенше жағдайларда (көбінесе, жол-көлік және өрт оқиғалары орын алғанда) адамдарды құтқару мақсатында қолданылатын арнаулы құрылғы-қондырғылардың жұмысымен таныстырды.

Ал, Атырау қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде  қазіргі заманғы жабдықтар мен техникалық мүмкіндіктерге назар аударылды. Жаңа кешендердің бірі – дыбыс және жасанды түтін әсері бар жылу камерасы. Басты мақсат – осы кешеннің көмегімен өрт сөндірушілерді психологиялық тұрғыдан дайындау.

Екі деңгейлі лабиринт түріндегі камерада өрт сөндірушілер тілсіз жаудың әсерінен болатын қою түтін мен қараңғылық жағдайында кедергілерден өтіп, зардап шеккен адамды аман алып шығу тәсілін меңгереді. Соған байланысты, жылу камерасы қызметкерлердің күш мүмкіндігін дамыту мен физикалық жүктемелерге бейімделуін қамтамасыз ететін күштік тренажермен жарақтандырылған. Сондай-ақ, белгіленген қалпын автоматты түрде сақтап, 20-40 градус жылылықты ұстап тұратын температуралық режим орнатылған.

Баспасөз турын Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Рашид Блялов қорытындылады.

Дәулетқали АРУЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*