Құтқарушы боламын десеңіз…

Көкшетау техникалық институтының 2019-2020 жылдарға арналған оқу жылдарына үміткерлерді сапалы іріктеу және қабылдау шаралары басталды. Осы орайда, Атырауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Көкшетау техникалық институтының оқытушы-әдіскері, азаматтық қорғау капитаны Ерлан Саменов келген еді.

Құтқарушы боламын десеңіз..

Жақында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласының №3,16,19,30 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ, колледж студенттерімен кездесу өткізді. Шара барысында қатысушыларға Көкшетау техникалық институтының шығу тарихы, жоғары оқу орнындағы өмір және оқуға түсу реттілігі жайында айтылып, ақпараттық қысқа метражды бейнебаян көрсетілді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауабын алды.

Сондай-ақ, кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Насихат Нұрберген сөз сөйлеп, оқуға қабылдану ережелерін түсіндірді. Мұндай кездесу Жылыой ауданында да жалғасын тапты.

Жанар ҚАРЖАУБАЕВА,

облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*