СЫНАҚ ДӘЛІЗІНЕН – СЫНДАРЛЫ БАҒЫТҚА!

Осы ретте жаңа экономикалық саясатқа және жаңа ақша-несие саясаты режиміне көшу туралы Үкімет пен Ұлттық банк қабылдаған шешімдерді толық қолдайтынымызды мәлім еткім келеді.

Ақпараттардың нөпір толқынына зер салсақ, шет елдердің көбінде теріс экономикалық үдерістер болып жатыр, ал осының өзі әлемдік сауда айналымына ұмтылған Қазақстанға да әсерін тигізбей қоймайды. Қазірдің өзінде баспасөзде Ресей рубль бағамын төмендеткен сәттен бастап, Қазақстанның құс шаруашылығы саласы елеулі қиындықтарды бастан кешу үстінде екені айтылып жатыр.

Шүкір, «АтырауСауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасында жағдай қалыпты күйінен ауа қойған жоқ. Өз қаражатымызбен фабриканың екінші және үшінші блоктары іске қосылғаннан бері ішкі қуат-мүмкіндіктеріміз артты. Қазір тәулігіне жетпіс мың жұмыртқа өндірілу үстінде. Өнім – бірінші категориялы, жоғары сапалы. Экологиялық таза күйінде бірден саудаға түседі. Тұтынушыларымыз осыны жете түсінсе екен деймін. Әйтпесе, қоймаларда ұзақ сақталып, алыс жолдан келетін Ресей жұмыртқасына арбалып қала береміз. Ал, оның сапасы қандай, байыбына барып жүрміз бе?

Осынау еліміз үшін де сын уақытта қарапайым қызметкерлерімізге әлеуметтік қолдау көрсету үшін өз мүмкіндіктерімізді іске асыратын боламыз. Кешенді шаралар қабылдай отырып, өз бизнесімізді оңтайландырмақпыз.

Түйіп айтқанда, жоғарыда қабылданып жатқан шаралардың қазақстандық мазмұнды дамытуда, салалық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуда маңызы зор екенін тағы да қаперге беремін.

Әлімжан БАЛЖІГІТОВ,

«АтырауСауда»

ЖШС директоры,

аудандық мәслихаттың депутаты.

 Жылыой ауданы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*