СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ

«Газет орынды мәселе көтерген. Медицинадағы олқылықтарды жоятын кез келді. Бұл жерде мен аталған салада мүлдем жұмыс жоқ деуден аулақпын. Атқарылып жатқан жұмыстар, білікті дәрігерлеріміз көп. Бүгінгі әңгіме кейбір орын алған кемшіліктер жайында болып отыр. Қазақта «ауруын жасырған өледі» деген мақал бар. «Әттеген-ай», дегізген тұстарымызға көз жұма қарау бізге жақсылық әкелмесі анық.

Мысалы,  Алмагүлдегі емханада  жаз бойы талдама жасайтын зертхана дұрыс жұмыс жасаған жоқ. Қанша барсам да біресе қондырғы істен шыққан деді, әйтеуір, бітпейтін көп сылтау табылды. Баламды тексеруден өткізу үшін сол ғимараттың 1,4 қабатында орналасқан «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасына барып, 27 мың теңгеге тексеру жасатуға тура келді.Түбіртегім қолымда бар. Сонда мемлекеттік емдеу мекемелеріндегі тегін қызмет қайда қалды? Осындай ірілі-ұсақты жағдайлар кездесіп қалып жатады. Менің айтарым, біреуді кінәлау емес, осындай кемшіліктердің алдын алу. Ал, мұндай сын-ескертпелерді халық айтпағанда кім айтады?».

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*