«Сыр мен жыр»

Облыстық балалар кітапханасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын Болат Дәулетовтің  «Сыр мен жыр» атты кітабының тұсаукесері өтті.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Рухани мәдениетті байытып, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған  шараға Абай атындағы №15 орта мектебі мен Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқушылары қатысты.

Автордың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. «Оқырманға жеткіземін» атты көрмеге библиографиялық шолу жасалып, ақынның «Тағылым», «Тал бесігім – Атырау», «Доссор мұнайының дарабоздары» атты еңбектері таныстырылды. «Сыр мен жыр» кітабының мазмұны баяндалды. Оқушылар  кітапқа енген жұмбақтарға  жауап беріп, өлеңдер оқыды.

Өз кезегінде автор кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, «Іштегі сырымды жыр қылып жеткіземін деген оймен бүлдіршіндерге осы өлеңдерімді арнадым…» дей келе, өз туындыларын оқыды. Шығармаларының шығу тарихын, мазмұны туралы әңгімелеп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

Өз тілшіміз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*