Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өткізген брифингте осы мәселе талқыға түсті.

jemkorlik

Аталған департамент басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев бұл орайда үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстар туралы баяндады.

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыруға баса көңіл бөлінуде. Осыған орай, департамент үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жоспарын жасақтады. Биыл алты айда 200-ден астам шара ұйымдастырылып, оған 11 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, облыста мобильдік топ өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда сегіз мыңдай адам аталған топ мүшелерінің кеңесіне жүгінген, – деді Руслан Тұңғышбаев.

Айта кетсек, бірлескен жұмыстардың нәтижесінде тоғыз мекемеде сараптау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық қаупін туғызатын 20 жағдай тіркелді, 47 ұсыныс берілген. Қазіргі таңда соның төртеуі орындалды. Сондай-ақ, департамент үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыс жасайтын мониторинг тобын құрған.

– Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі және өзекті мәселе. Бұл орайда көп мәселе заң жобаларына байланысты. Сондықтан, заң жобасын дайындау процесіне сарапшыларды қосуды ұсынамын. Біздің басты мақсатымыз – қоғамдық жұмыстар арқылы халықтың тұрмысын жақсарту. Бүгінгі күні біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, пәтер иелері кооперативтері, денсаулық сақтау, білім беру мәселелеріне баса назар аударып отырмыз, – деген «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова Грузия, Финляндия, Молдова елдерінің тәжірибелері туралы да баяндады.

Айгүл Ертілеу

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*