«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа Стратегия дайындалды»

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жоспарының бірінші кезеңі (2015-2017 жылдар) бойынша қабылданған заңдар одан әрі жетілдірілетін болады. Осы мақсатта 2018-2020 жылдар аралығын қамтитын жаңа стратегия дайындалған.

1

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты талдау жүргізу жөніндегі іс-қимыл шараларын жетілдіру бағытында жұртшылық тарапынан ұтымды ұсыныстар жасалып, соның негізінде келер жылдан бастап құқықтық-нормативтік құжат ретінде заңды күшіне енеді деп күтіліп отырған жобаға кейбір өзгертулер мен түзетулер енгізілмек. Айта кетерлік жайт, нақты шешім қабылданар сәтте қоғамда белең алған осынау қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрестің пәрменділігін, күрес жүргізуші құрылымдардың құзыретін арттыруға кепілдік беретін тұстарды халықаралық сарапшылардың пікірлеріне сүйене отырып, пысықтап алудың мүмкіндігі туады.

Зер салып қарайтын болсақ, бірінші кезеңдегімен салыстырғанда, екіншісіне енгізілген кезеңдегі іс-шаралардың саны екі есеге көбейіп отыр. Осының өзі алда тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен жүгінің бұрынғыдан да гөрі ауырлай түскенін көрсетсе керек. Нақтылай кетсек, жаңа стратегия жобасында 125 іс-шара қарастырылған. Оның 45-і 2018, 26-ы – 2019 және 20-сы – 2020 жылдарға арналған. Енді осы сала бойынша тарқатып көрелік.

– Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

– Қоғамдық бақылау институтын енгізу;

– Квазимемлекеттік және жеке секторлардағы қарекет;

– Соттардағы және құқық қорғау органдарында орын алуы ықтимал келеңсіз жағдайлардың алдын алу;

– Жемқорлықпен күрес мәдениетінің деңгейін көтеру, оңтайлы ахуалын қалыптастыру;

– Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттеудің басты құралы – Әдеп кодексі болып табылады. Оның өзі де төмендегідей негізгі төрт пункттен тұрады.

– Мүдделер қақтығысының мониторингі,

– Мемлекеттік қызметтегі шектеулер;

– Жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдалануға жол бермеу;

– Әдістемелік тұрғыдан сүйемелдеу.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың басты шарты – қызмет алушылардың мемлекеттік қызметшімен тікелей қарым-қатынасын болдырмау;

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру, толық автоматтандыру және регламенттеу;

– Мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестігі жоғары ортаға беру;

-Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау және рұқсаттамалық функцияларын қысқарту.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда маңызды қадам мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады.

Аталған салаға жыл сайын триллиондаған тенге (2016 жылы– 2.2 трлн) бөлінетінің есепке ала отырып конкурссыз мемлекеттік сатып алу жолымен алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізімін қысқарту жөніндегі мәселелерді қарастыру бойынша ұсыныс жасалды.

ЕКІНШІ БАҒЫТ БОЙЫНША – ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЕНГІЗУ.

Жемқорлықты жаппай қабылдамаушылықты қалыптастыру мен қоғамдық бақылау және азаматтық қоғамның белсенді қызметі тығыз байланысты.

«Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдардың қабылдануымен қажетті құқықтық шарттар жасалды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда аталған заңнамаларды жетілдіруге қажеттілік пайда болды. Бұны Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының зерттеулері растап отыр.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестермен қарастырылған 8 мың нормативтік-құқықтық актілердің тек 3% ғана түзетуге жіберілген.

Осыған байланысты, қоғамдық кеңестерді құру тәсілдері мен жұмысын қайта қарау ұсынылады.

Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу механизмдері жайлы хабардар болуының төмен деңгейі, кері байланыстың тиісті деңгейде болмауы және «Ашық үкіметтің» жеке бөліктерінің толық істеп аяқталмағандығы оның жетілдірілу керектігін айқындады, бұл өз кезегінде Жоспар жобасында белгіленді.

Мемлекеттік аппараттың есептілігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша әкімдердің және мемлекеттік органдар басшыларының жыл сайынғы есептер тыңдау тәжірибесі өзінің тиімділігін көрсетті.

Ендігі келесі қадам орта білім беру мекемелері басшыларының ата-аналар қоғамы алдында және жергілікті полиция қызметінің мәслихат алдында есептік кездесулер өткізуі болады.

ҮШІНШІ БАҒЫТ. КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ.

Әртүрлі алаңдарда айтылып жүрген қазіргі таңдағы квазимемлекеттік сектордың жағдайы бұл жерде біршама сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, заңнамадағы кемшіліктер мен қайшылықтардың бар екендігін, ашықтықтың, есептіктің және бақылаудың жоқтығын айғақтайды.

Бұны ескере отырып, Жоспар жобасында осы салада айқындықты және бизнес-процесстердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Бұл мәселедегі басты орын сатып алу процедурасын жетілдіруге беріліп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың екінші кезеңінің аясында мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары бойынша заңнама әзірлеу жоспарланып отыр.

Бұнымен қоса, тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің аясында дәрілерді сатып алу процедуралары да жетілідірілетін болады.

Азаматтық қызмет және квазимемлекеттік сектор салаларындағы персоналды басқару жүйесі бойынша да біраз сұрақтар туындайды.

Осыған орай, Жоспар жобасымен азаматтық қызметке үміткерлерді іріктеу процедуларын жетілдіру және ұлтық компаниялар мен холдингтердің қызметшілері үшін жүріс-тұрыс кодексін енгізу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Жүргізілген талдаулар нәтижесінде Жоспар жобасымен жеке сот орындаушыларының, табиғи монополия субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар қамтылды.

Табиғи монополия субъектілерінің желіге «бір терезе» қағидаты негізінде қосылу үшін техникалық шарт беру мәселесі қарастырылуда.

ТӨРТІНШІ БАҒЫТ. ҚҰҚЫҚҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ МЕН СОТТАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда аса мән беріліп отырған мәселе ол сот жүйесі мен құқыққорғау органдарындағы жемқорлықтың алдын алу.

Әділ сот жүйесіне сенім жалпы алғанда әр бір сотқа жылдар бойы қалыптасады, қоғамдық пікірдің негізінде әділ шешім шығару, сатылмаушылық және атқарушы билікпен құыққорғау органдарының ықпалынан тыс әділ сот төрелігін шығару.

Сондықтан, «электронды сот төрелігі» арқылы сот орындаушылық жүмыстарының жеделдігін жоғарылату шаралары ұсынылып, сот істерін іріктеу кезіндегі автоматтандыру олардың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) соттардың тәуелсіз шешім шығаруын жоғарлатуға бағытталған ұсыныстар келтірген болатын:

– заңнамада соттарға тәртіптік жаза қолдануға бағытталған нақты процедураларды анықтау, қызметінен босатуға бағытталған негіздерді дәл анықтау, аталған мәселелерді қарастыратын ортақ органдар жүйесін анықтау;

– соттарды іріктеу процедураларына қоғамды және БАҚ өкілдерін тарта отырып басқа субъектілердің ықпалын шектеу, іріктеудің барлық кезеңдерін жария ету.

Сонымен бірге, құқыққорғау органдарының қызметшілерімен тәртіптік бұзушылық жасалғанда 3 айға дейін, құқыққорғау қызметінің атына кір келтіретін әрекет үшін 1 жылға дейін жауапкершілікке тарту мерзімін ұзарту қарастырылған.

Жоғарыда аталған шаралар прокуратура және сот органдарының төрелік жасау кезінде айтарлықтай тәуелсіз шешім шығаруға септігін тигізеді және бұл шаралар сыбайлас жемқорлық стандарттарының халықаралық талаптарына сай келеді.

БЕСІНШІ БАҒЫТ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ДЕНГЕЙІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН.

Соңғы үш жылда Қазақстан бұл бағытта айтарлықтай жетістікке жетті. Қолданыстағы шаралар өзінің жемісін беруде.

Бұл туралы Транспаренси Интернешнл ұйымының әлемдік жемқорлықтың Барометрінің қорытындысы растап отыр. Сонымен, пара берген азаматтардың үлес салмағы 40 %-дан 29 %-ға төмендесе, 4 есеге дейін (7%-дан 28-%-ға) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға дайын белсенді азаматтардың қатары жоғарылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзбеушілікті қалыптастыру жүйелі шараларды қолдануды талап етеді.

Сондықтан, жоспардың жобасында 19 кешенді білім беру, ақпараттандыру және ұйымдастырушылық мәндегі іс-шаралар қарастырылған.

Мемлекет Басшысының Жолдауындағы басым бағыттарды іске асыру барысында басты мәселе қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға зор мән берілуде.

Жоспар жобасының басым бағыты аталған мәселеге жалпы қоғамды тартуға бағытталғандықтан жоспарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру, журналистер арасында конкурс өткізу, студент жастар арасында әр түрлі бағыттағы акциялар, сонымен қатар аумақтардағы жастар ресурстық орталықтарының қатысуы қарастырылған.

Бұдан басқа, жалпы қоғамдық ақпараттық жұмыс, оның ішінде БАҚ, баспа құралдарының күшін пайдалана отырып, теле-радиоканалдарды және ғаламторды пайдалана отырып өзекті ақпараттық түсіндіру жүмыстарын жүргізу бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Жалпы жоба осы аталған мәндегі 7 іс-шараны өткізуді көздейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда тағы бір басты, маңызды бағыт болып білім және тәрбие беру болып табылады.

Бұл бағытта жұмысты жалғастыра отырып мектепке дейінгі оқыту орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәндегі әдістемелік құралдар әзірлеу, жоғары оқу орындарында академиялық шыншылдықты дәріптейтін кодекс енгізу, жалпы білім беру жүйесі стандарттарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негіздері» және басқа да пәндерді қосу қарастырылған.

Аталған шаралар қазақстандық қоғамда жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға септігін тигізеді.

АЛТЫНШЫ БАҒЫТ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДЫ ҚАМТИДЫ.

Халықаралық кеңістікте еліміздің позитивті имиджін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мамандандырылған халықаралық ұйымдармен өзара байланыста болу, шетелдік БАҚ Қазақстанның аталған саладағы жетістіктері туралы ақпараттарды тарату, өзге де имидждік іс-шараларды өткізу өз жалғасын табады.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды және активтерді қайтаруды қамтамасыз ететін басқа мемлекеттермен екіжақты келісімшарт негізінде ынтымақтастықты күшейту бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда.

Руслан ТҰҢҒЫШБАЕВ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*